"Жүзден жүйрік" жаратылыстану-математика апталығы » Г.Безродных атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Г.Безродных атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жүзден жүйрік" жаратылыстану-математика апталығы
11
февраль
2021

"Жүзден жүйрік" жаратылыстану-математика апталығы

Тақырыбы: "Жүзден жүйрік" 
 Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану математика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ойлау  қабілеттерін  дамыту,  топ  үшін  жауапкершіліктерін  нығайту, өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Түрі: кеш.

1-жүргізуші
 - Уа, халайық, халайық.
 Бәріңе жар салайық
 Бүгінгі кеш төрінде
 Дарындылар елінде
 Тапқыштардың тілінде
 Есеп шешіп, жарысып,
 Көңілді кеш жасайық,

Ат салысып, аянбай
 Бар өнерге басайық.

2-жүргізуші
 
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
 Күш, өнер, біліммен алысуға
 Бар өнерді салайық ортамызға
 Қанекей, кім шығады сайысуға.
 1-жүргізуші
 
Табиғат сырын аштырған
 Токпен қазан астырған
 Миллион гектар астықты
 Комбайынмен бастырған
 Физика демей немене?
 Білмегенді білдірген
 Өлшеп киім кигізген
 2-жүргізуші
 
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!? Бүгінгі біздің 9-11 сыныпта арасындағы «Жүзден жүйрік...» атты кешімізге қош келдіңіздер!
 1-жүргізуші
 
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
 Алға қойған мақсатты
 Әрқашан да мектепте,
 Шығып жүрген жақсы аты-деп ортаға
 __Математиктер____тобын қарсы алайық.
 2-жүргізуші

Барлық ісіті атқарып
 Пайдасын мектепке тигізген
 ___Геогрфтар__  тобын қарсы алайық 

1-жүргізуші

Жиналған ылғи дарындар,
 Жүректе от көздерінде жалын бар
 __Биолгтар___ тобын халайық
 Қол соғып қарсы алайық

2-жүргізуші
 
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
 Алға қойған мақсатты
 Әрқашан да мектепте,
 Шығып жүрген жақсы аты-деп ортаға
 _Информатиктер_тобын қарсы алайық.
 1-жүргізуші

Барлық ісіті атқарып
 Пайдасын мектепке тигізген
 ___Химиктер_  тобын қарсы алайық 

2-жүргізуші

Жиналған ылғи дарындар,
 Жүректе от көздерінде жалын бар
 _Физиктер_ тобын халайық
 Қол соғып қарсы алайы

1-жүргізуші
 
Шын жүйрік шабысынан  танылады
 Нақты білім, терең ой сыналады
 Баға берер әділқазы ортамызға
 Сіздерге құрметпен қол соғылады- дей отырып әділқазы алқаларымен таныс болайық.

_____________________________________________

______________________________________________

2 жүргізуші: Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.
 Жоспары

1. «Таныстыру»
 2. «Блиц турнир» (әр топқа сұрақ-жауап қойылады)
 3.  «Мақал-мәтел жалғасын тап»

4.  «Жұмбақтар»  ( жұмбақтар)

5. «Зертханалық жұмыс» 

6. «Қызықты ойын»

7. «Қисынды  ойлар».(Логикалық  есептер). 

1-жүргізуші
 Ал, қанекей сайысты бастайық
 Өзімізді таныстырып тастайық,- деп сөз кезегін әр топқа береміз

Әр топ өздерін таныстырады.

2-жүргізуші. Келесі кезең  «Блиц турнир» кезеңі.
 Санның да саны бар ғой саналатын,
 Әртүрлі білім сырын ұға алатын
 Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
 Саналып әр секундпен жүре алатын.

Оқушылар жылдамдыққа сұрақтарға жауап береді
 Бұл сайыс Quziziz програмасы арқылы өтеді Ең жоғары балл жинаған топ 30 балл,екінші жинаған топ 20,.үшінші жинаған топ 10 баллмен есептелінеді.Жинай алмаған топ 0 балл

1-жүргізуші: 

Келесі кезең  «Мақал- мәтел жалғасын тап» кезеңі.
 1 топ

  1. Ай жоғары әлемге   Күн жоғары ..... төменге (жарық сәулесі)
  2. Қызға ..... (қырық үйден тию)

2 топ 

  1. Аузы күйген, .... үрлеп ішер (Кебу)
  2. Ай мен күн ауысты Тәулікті .... тауысты (жерлің өз осімен айналуы)

3 топ 

  1. Түйені жел қозғаса Ешкіні ....   аспаннан ізде (қозғалыс, тербеліс)
  2. Жел соқпаса....  шөптің басы қозғалмайды (күш)

4топ

  1.  Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды) 
  2. Байт биттен құралады.  (Теңге тиыннан құралады) 

5 топ

  • Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес) 
  •         Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)

6топ

  1. Алты жыл аш болсаңда, .... (атаңның салтын ұмытпа)
  2. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күлКелесі 6 кезең «Қызықты ойыны»

Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды орыс тілінде айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер одиннадцать дейсіңдер, мен 5 десем сендер шесть дейсіңдер, т.с.с. Олай болса, қане бастайық

1 топқа: 13,21,54,212,10009

2 топқа: 11,25,45,313,11111

3 топқа: 18,32,65,345,10010,

 Келесі ойын: Кім жылдам?

Ортада майшам тұрады

Келесі ойын: Тездетейік?

Ортада бумага су турады

2-жүргізуші: келесі  7  кезең   «Қисынды  ойлар».(Логикалық  есептер). 
 
Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн - жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?(6 лақ)
 2) Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды? (Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар – 5)
 3) Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг? (6 кг)
 4) Егер түнгі сағат 12 - де күн жауып тұрса, алда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма?(болады)
 5) Алғашқы үш сабақ: Химия, математика және География болды. Математика бірінші емес, тарих бірінші де, үшінші де емес.
 Қай пән нешінші болды?
 1. Химия
 2. Геоьграфия
 3. Математика
 

  1. 6.Информатика кабинетінен үзілісте 6 оқушы шығып, 11-і кірді. Келесі үзілісте 8-і шығып, 9-ы кірді. Қазір информатика кабинетінде неше оқушы бар, егер алғашында онда 24 оқушы болғаны белгілі болса?20

7             Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама).

8.   Дүниеде ең жүйрік не? (Ой, қиял)

9. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың (көлеңке)

10. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (адам орындықта отыр)

11. Электр пойызы  шығыстан батысқа қарай жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді. (электр пойызында түтін болмайды)

12. Екі бес санның арасына қандай таңба қою керек, шығатын сан 5 –тен үлкен 6-дан кіші болу керек ( үтір, 5,5)

1 жүргізуші

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды
 Ал, қазір әділ қазылар сөз алады
 Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап
 Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады. 

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Қорытынды
 
1 жүргізуші 

Егеменді қазақтың біз ұраны,
 Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
 Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
 Самғайтын биіктерге тау қыраны.
 
2 жүргізуші 

Алдыңызда жайнаған жүздер әні
 Сіздермен кездесеміз біздер әлі
 Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,
 Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.
 Назарларыңызға рахмет! 

Мекен жайымыз
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшбұлақ ауылы, Б.Жансейтов көшесі,7 үй

Жетысуская область, Алакольский район,село Ушбулак, ул.Б.Жансейтова,д.7
©2016-2021, Ресми сайт Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Г.Безродных атындағы орта мектеп" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru